pixabay.com
Синоптиктер 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
"Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.