03 мау, 2021 сағат 20:33

Жаңа қаулы: Ashyq жүйесіне қатысушы кәсіпкерлік нысан қатары толықты


Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжат бойынша Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысан санаты 23-ке жеткен. 

«Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын» деп жазылған қаулыда.

Олар:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10) бильярд клубтары;

11) концерт залдары;

12) ерікті қатысушылар;

13) караоке;

14) көрмелер;

15) океанариум;

16) марафондар;

17) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

18) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;

19) (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 

22) цирктер;

23) отельдер, қонақ үйлер.

Қаулымен бірге Ashyq жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі, жосықсыз қатысушыларды Ashyq жобасынан шығару алгоритмі, Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу мен «жоба көшбасшыларын» анықтауды өлшемшарттары берілген.