26 там, 2021 сағат 17:54

Жаңа қаулы: Алматы мектептерінде карантин талабы қалай сақталады?


Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», – деп жазылған қаулыда.

«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:

ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысының 1,2 және 3- қосымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық -эпидемияға қарсы іс- шараларды сақтауды;

– педагогтар мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда); 

– ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

– маска режимін сақтау; 

– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

– педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); 

– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту;

– асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларымен қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастырудағы бақылауды күшейтуді тапсырамын», деп атап өтілген қаулыда.

Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.