30 нау, 2018 сағат 11:59

Жан Ахмадиев қазақ қыздарының алдында "ақталды" (Видео)

Қамшымен қыздарды сабады деген видеоға байланысты Жан Ахмадиевтің өзі түсінік берді, деп хабарлайды kaz365info.kz. 

«Бұл видеоға байланысты үлкен резонанс тудырып, оны дауға айналдырып, шу көтерудің қажеті жоқ еді…

Қазақ қыздарын масқаралау ниетім болмады, «көшеде қыз көрсең ұр» деген ұран да тастаған жоқпын. Мен тек қоғамда жезөкшелік деген проблема бар екенін айтайын дегем, негізі. Түсінетін адамға.

Көп пікір оқыдым: әпке-қарындастарымның 50 пайызы мұны дұрыс түсінбепті. Олай ойламаңыздар! Мен өзім әйел затына қол көтеретін еркектер қатарынан емеспін. Менікі жезөкшелік проблемасын қоғамға көрсету акциясы еді, ал қамшыға келетін болсақ, ол кәдімгі қамшы емес, жай ғана декоративті қамшы. Яғни, сувенирлік. Ол ешқандай жарақат әкелмейді. Қыздарымыз түсінбей жатыр. Айтайын дегенім сол…», - дейді басы дауға қалған заманауи жырауымыз Жан Ахмадиев.