#
#
Жексенбі 09/08/2020

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

  • 04.07.2020
  • 0
  • 328

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа басшыны аудан активіне таныстырды.

Өңір басшысы ауданның жаңа әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіптің сақталуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

- Сарысу ауданының әлеуеті зор. Мұнда өндірістік сектор, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жүйелі түрде дамуда. Ауданның жаңа басшысы осы қарқындағы жұмысты жалғастыруы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастыруды тапсырды. Жергілікті әкімдер халыққа жақын болып, мәселелерді бірге шешуі керек, - деді облыс әкімі.

Бақытжан Жақсылықов аймақ басшысына сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, Сарысу өңірін дамыту жолына бар күш-жігері мен мүмкіндіктерін жұмсайтынын жеткізді. Бақытжан Алпысұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.

Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының, аудандық Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аудандық комитеттің төрағасы, Жаңатас қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Сарысу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында болған. 2019 жылдың наурыз айынан бастап «Тараз Құрылыс Инвест»компаниясының бас директоры болып жұмыс істеп келген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар