04 мам, 2020 сағат 22:05

Жамбыл облысында коронавирустан көз жұмған науқас жүк көлігінің жүргізушісі болған

Жамбыл облысында коронавирустан көз жұмған науқасқа қатысты мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

61 жастағы ер адам Павлодар облысының тұрғыны. Ол алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған. 

Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан COVID-2019-ға алынған зертханалық талдау оң нәтиже көрсеткен.

19 сәуірінде науқастың дене қызуы жоғарлап, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдмен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында, тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирус инфекциясы расталған.

Емдеу шаралары және науқасты бақылау Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандарымен онлайн режимде келісіліп отырды.

23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларына байланысты нашарлай түскен. Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.

Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгісі жоғарылады.

4 мамырда сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, науқастың жүрегі тоқтады. 

Еске сала кетсек, 4 мамырда сағат 22:20-да Жамбыл облысында 1, Қарағанды облысында 1 науқас коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.