10 ақп, 2021 сағат 21:12

Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу кезінде қандай құжаттар қажет?

Зейнетақы жинағын пайдаланы отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы Отбасы банкінің желідегі парақшасында хабарланды.

45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.
2.​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)
3.​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz - арқылы алуға болады)

1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек.

 Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF-ке тегін ауыстыра аласыз.

Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.