08 шіл, 2024 сағат 21:45

Ыстықкөлде 250 бас қойға найзағай түскен


7 шілдеде Ыстықкөл облысының Тоң ауданында бір отар қойға найзағай түсті. 

Кабар ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жай отынан 250 бас қой қырылған. 

Төтенше жағдай орнында Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері деректерді нақтылап жатыр.