26 қыркүйекте Ыстанбұлда жергілікті уақытпен 13:59-да жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы 5,8. Жер дүмпуі Ыстанбұлда және оған жақын аудандарда сезілді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Ыстанбұл провинциясы губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, қаладағы төтенше жағдайлар және құтқару қызметтеріне қираған ғимараттарға қатысты хабарлар келіп түспеген.
Қазір аталған мекемелер мен қызметтер жер сілкінісі келтірген шығын көлемін есептеп жатыр.
«Төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіре жөніндегі орталық (AKOM) жағдайды бақылап отыр, жер сілкінісі кезінде қаза тапқан немесе мүлкіне зақым келуге қатысты мәлімет келіп түскен жоқ», деп мәлім етті қала мэрі Экрем Имамоглу.