04 қар, 2022 сағат 11:10

Ыстамбұлдағы "Бешікташ" клубы стадионына "ҚазМұнайГаз" атауы берілетіні рас па?

Фото: aa.com.tr сайтынан

"ҚазМұнайГаз" "Ыстамбұлдағы стадионның атауын өзгерту" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда стадионға "ҚазМұнайГаз" атауы берілетіні туралы айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Бұған дейін кейбір Telegram-арналар "ҚазМұнайГаз" Ыстамбұлдағы клуб стадионы атауын бес жылға жалға алу бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат жариялаған болатын және осы кезеңде қазақстандық компания 50 миллион еуродан аса қаржы төлеуі тиіс деген болжам айтылған.

"ҚазМұнайГаз" өкілдері ақпаратты жоққа шығарды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) әлеуметтік желілерде тараған "Ыстамбұл қаласындағы "Бешікташ" футбол клубы стадионына "ҚазМұнайГаз" атауын беру" туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұлттық компания ҚР заңнамасында көрінеу жалған ақпарат тарату және жариялауға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Қазақстан азаматтары мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми деректерге сенуге, арандатушылыққа жол бермеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген ресми хабарламада.