Молдовалық спортшы-экстремал Якутияның Оймяконск ұлысында минус 60 градус аязда 50 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды ТАСС.
«14 қаңтарда молдовалық спортшы-экстремал Дмитрий Волошиннің қайырымдылық жүгіруі болып өтті. Ол әлемнің ең суық нүктесінде - Якутияның Оймяконск ұлысында жүгірді. Дмитрий 60 градус аязда 50 шақырым қашықтықты бағындырды. Метеорологиялық деректерге сәйкес, сезілетін температура 67 градусты құрады», - делінген хабарламада.
Волошин бұл қашықтықты алты сағатта артқа тастаған.
«Бұл менің спорттық мансабымдағы ең қиын сынақ болды. Қатты аяздан ауа жетпей қалды. Жүгірген кезінде бетімді үсік шалған жоқ деген үміттемін. Демалуым да қиынға соқты - ауада оттегі өте аз болды, ал маскаға мұз қатып қалды», - дейді спортшы.
Қайырымдылық жобасының басты мақсаты - балалардың церебалды сал ауруына жұртшылықтың назарын аудару.