26 қар, 2022 сағат 10:30

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

pixabay.com

Жақында WhatsApp-та дыбыстық хабарламаларды статус ретінде жариялауға болатын функция пайда болады. Бұған дейін Android жүйесінде де осыған ұқсас функция сынақтан өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Енді функцияның iOS-қа арналған кейінгі бета-нұсқасында пайда болады. Статус ретінде ұзақтығы 30 секундқа дейінгі дыбыстық жазбаларды жіберуге болады.

WABetaInfo порталының мәліметінше, дыбыс статусын мәтінмен де толықтыруға болады.

Қазір статусқа тек суреттер мен видеоларды жүктеуге болады.