Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратуда. Мектептер бұл туралы ресми хабарлама жіберілген екен. Бұл - өтірік, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.
ҚР БҒМ білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.
– Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.