WhatsApp мессенджерінің артықшылығы - оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығында. WhatsApp Inc., компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Нирадж Арора дүйсенбі күні Дубайда өткен Бүкіләлемдік 6-шы үкімет саммитінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.
Арораның айтуынша, WhatsApp қолданушыларының саны айына 1,3 млрд адамға жеткен. Сонымен қатар, күн сайын 1 миллиардқа жуық адам 55 млрд шамасындағы хабарлама жібереді екен. Вице-президент өз сөзінде мәтіндік және дауыстық хабарламалар көлденең шифрлеу әдісі (end-to-end) арқылы қорғалатынын да жеткізді.
Бүкіләлемдік үкімет саммиті БАӘ премьер министрі және Дубай қаласының басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның қамқорлығымен өткізіліп келеді. 2013 жылы алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара азғана уақыттың ішінде халықаралық сипатқа ие болған