12 мам, 2018 сағат 16:11

WBC «Канелоны» рейтингісінен алып тастады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті орта салмақтағы боксшылардың мамыр айындағы рейтингіне кіргізбеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мексикалық боксшының тізімнен тыс қалуына допинг дауына байланысты алты айға спорттан шеттетілуі және WBC мен VADA-ның «Таза бокс» бірлескен бағдарламасына кірмеуі себеп болды.

WBC тұжырымының орта салмақтағы әлем чемпионы - қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин, ал уақытша чемпиондық (Interim) АҚШ өкілі Джермалл Чарлоға тиесілі.

Тізімнің бірінші орнын Дэниел Джейкобс (АҚШ) иеленсе, екінші орында Американың тағы бір өкілі Деметриус Андадре, ал үшінші сатыда ирландиялық Джейсон Куигли тұр. Канадалық Давид Лемье мен польшалық боксшы Камил Шеремета үздіктер бестігін түйіндеді.