Фото:elements.envato.com
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейптерге тыйым салу жоспарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Вейтерге толық тыйым салынады. Вейптер - бұл біздің балалар сатып алып жатқан екі-үш мың теңгелік никотиндер. Бүгінде олар тым қолжетімді болып тұр. Оларды арнайы құрылғыда қызған күйде тартылатын өнімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Олардың бағасы қымбат және олар стиктермен тұтынылады", - деді Қуантыров.