Вьетнамда коронавирустың жаңа штамы табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Вьетнам билігі жаңа штамды британдық және үнділік коронавирус штамдарының буданы деп атады. Вьетнамда вирустың оңай таралып, адамнан адамға тез жұғатындығын ескертілді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Нгуен Тхан Лонг мәлімдеді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде жаңа штаммның пайда болуы эпидемияға қарсы қабылданған шараларға қарамастан, ауруды жұқтыру көрсеткішінің өсіміне әсер еткен.