Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір лицензиямен толықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Валентина Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, 50 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік етті.
Исламова финалға шығу үшін румыниялық спортшымен кездеседі.