05 қар, 2018 сағат 10:37

Вакуумдық пойыз Қазақстанда пайда болуы мүмкін бе?

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумына Hyperloop Transportation Technologies атқарушы директоры Дирк Альборн келді. Ол кулуарда журналистер сауалына жауап беріп, жоғары жылдамдықпен қорғалатын вакуумдық пойыз жобасын Қазақстанда қалай іске асыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Біз жаңа көлік түрін әзірлеумен айналысамыз. Өте қысқа уақыт ішінде жоғары жылдамдықта саяхат жасауға мүмкіндік беретін капсуланы елестетіп көріңізші. Қазір біз Қытаймен, Дубаймен келісімшартқа қол қойдық. Басқа да елдермен жұмыс істеуді жоспарлап отрмыз. Қазір олардың үкіметімен жұмыс істеп жатырмыз. Словакиядан бастап Бразилия, Үндістан, Индонезия бар, соңы Чехиямен аяқталатын барлығы 14 жобамыз бар», - деді бас директор.

Журналистер Дирк Альборннан жобаны Қазақстанда іске асыру қаншалықты мүмкін екенін сұрады.

«Қазақстанмен жұмыс істегіміз келеді, бірақ ең алдымен заңнамалық тұрғыдан саяси мәселелерді шешіп алуымыз қажет. Содан соң ғана біз жұмысты бастай аламыз» - деді ол Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Дирк Альборн жоба құрылысы бірнеше факторға тәуелді екенін, дегенмен бір шақырым жолдың құрылысы шамамен 20 млн долларды құрайтынын атап өтті.

«Алайда Қазақстанда еңбек ресурстарына байланысты анағұрлым арзанға түседі. Әр елде кететін шығынға байланысты есептейміз», - деді спикер.

Ол Қазақстанда құрылған халықаралық «Astana Hub» IT-стартап технопаркіне баға берді.

«Мемлекеттің цирлфық дамумен айналысуын өте маңызды деп санаймын. Онсыз елдің әрі қарай дамуы мүмкін емес және осындай жағдайда әрдайым алға көз тастап, жылжу керек. Мұны өте маңызды деп ойлаймын», - деп түйіндеді сөзін Дирк Альборн.

Айта кестек, Hyperloop – 2013 жылы америкалық венчурлық кәсіпкер Илон Маск вакуум пойызы жобасын ұсынған болатын. Бірақ бұл соңына дейін іске асқан жоқ. Бүгінде Хоторн мен Лас-Вегаста тәжірибелік полигондар орналасқан.