30 сәу, 2021 сағат 14:20

Вакцина бойынша АҚШ компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр - Алексей Цой


Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу бойынша шетелдік компаниялармен арадағы келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл қадамдар вакцинаның қолжетімдігіне байланысты. Атап айтқанда, америкалық компаниялармен тиісті келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта вакцинаны жеткізу бойынша нақты мерзім болмай тұр. Негізінен, биыл жылдың екінші жартыжылдығына белгіленіп тұр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

«Бұл келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Нақты ақпарат болғанда және жеткізу мерзімін нақтыласақ, бұл мәліметті жариялайтын боламыз», - деді Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға араб вакцинасы жеткізіледі.

Осы арқылы елімізде КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады.