Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель вакцина алғаннан кейін адамға босаңсуға болмайтынын ескертті.
«Вакцина алғанан кейін де адам өзінің иммундық жүйесінің белсенділігін қолдап, вирустың қарқынды әсерінен қорғануы керек. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор.
Иммундық жүйені қуаттандырып отыру үшін құнарлы тамақтану қажет. Жасушалардың жұмысы қалыпты болуы үшін дәрумендер мен микроэлементтердің болғаны жақсы. Тамаққа қосылатын түрлі қоспаларды пайдалану міндетті емес. Балғын жеміс пен көкөніс, сарымсақ жеуге болады. Қарапайым, қалыпты тамақтанған жөн. Тамақ құрамындағы майдың мөлшері де қалыпты болуы керек», - деді медицина ғылымдарының докторы онлайн дәрісте.
Елена Ковзель вакцина ағзаға иммундық қуат беру үшін барынша салауатты өмір салтын ұстану қажет деп отыр.
«Адамның қозғалысы да қалыпты болғаны маңызды. Қозғалыс арқылы микротізбек жақсы жүреді. Ал ол иммундық жүйенің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қан айналамының жақсы жүруі біздің иммундық жүйемізге жақсы қолдау болады. Күйзелістен аулақ болуға тырысу керек. Стрестегі адамның иммунитеті түсіңкі болады. Адам өзін сабырлы ұстап, сенімді жүрсе, иммунитеті де бәсеңдемейді. Ондай адамды инфекция да ала алмайды», - деді дәрігер.