Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченкодан (13-2, 10КО) айқасқа дейін және одан кейін алынған допинг-тесттердің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, VADA Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченкоға «Адал бокс» бағдарламасы аясында допинг-тесттен өтуге ұсыныс білдірген.
«Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконы құттықтағымыз келеді. Олар ерікті допинг-тестілеу бағдарламасынан сәтті өтті», - деп жазды VADA Twitter-де.
Еске сала кетсек, 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.