Ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев өткен ғасырда ұлт тағдырына алаңдаушылық бiлдiрiп, қазақтың келешекте ел болуы мектебiнiң қандай негiзге құрылуына байланысты екенiн айта келiп: “...соңғы кезде көзсiз елiктеушiлiк бiздiң жанымызға сiңiп барады. Қазақ жанын қайшылап отырып жат қалыпқа салмақшымыз. Жат қалыпты қазақ жанына қабыстыру, яки жаңа қалып жасау тәжiрибесiне кiрiсуiмiз қарадай қорқытады” дептi. Қайран ақын қалай дәл айтқан десеңiзшi?! Бүгiнгi таңда жат қалып дегенiмiз – үштiлдiлiк реформасы, ал қорқып отырғанымыз – сол реформаның мысықтабандап өмiрге енiп жатқандығы. Апыр-ай, халықтың құптамағанын құлаққа қыстырмай, қасарысқан қандай қатыгез билiк десеңiзшi. “Халық қаласа, хан түйесiн сояды” деген бекер-ау, шамасы...
Бесiктен белi ендi босаған балаға ауыр тауқымет арқалатып отырмыз. Балаларымызды мәңгүрттендiруге бет алдық. Бiрақ үштiлдiлiкпен ұрпақты ұшпаққа шығарамыз деп билiк жанталасуын қояр емес. Бiздiң көрнектi ғалымдарымыз, қайраткерлерiмiз, қарапайым ұлт жанашырлары, мамандарымыз үштiлдiлiктiң кем-кетiктерiн айқындап, таразылап, ұңғыл-шұңғылын тарқатып, талқылап, сараптап айтудай-ақ айтып, жерiне жеткiзе жазып та жатыр. Бәрi бекер екен. Министр Сағадиев мiз бағар емес. Үмiттен күдiк басым болып тұр...
Үш айлық ғұмыры бар “ЭКСПО” ертегiсiне елiтiп, есiнен танып жүрген ақсүйек мырзаларды балалардың болашағы мүлдем мазаламайтын сияқты. Үштiлдiлiк – жат қалып! Осы жат қалып бiздiң бiлiм теңiзiнiң айдынына жайғасатын болса, көп нәрсенi жоғалтатынымыз айтпаса да түсiнiктi
Махамбет САПАРМҰРАТОВ,
М.Шоқай атындағы орта мектеп мұғалiмi,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы
"Жас Алаш" газеті