#
#
Бейсенбі 26/11/2020

Үш жылда мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылады

  • 27.10.2020
  • 0
  • 74

Үш жылдың ішінде мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Бұл туралы ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жол картасының негізіндегі нәтижелер 2021-2025 оқу жылдарына арналып отыр. Бес жылдың ішінде мектеп кітапханалары түгелдей көркем әдебиеттермен қамтылмақ. Екіншіден, мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеру мәселесі қолға алынып, 2025 жылға қарай тиісті нәтиже болады. Өйткені олардың біліктілігін көтерумен қатар, жоғары оқу орындарында педагог-кітапханашы деген мамандықты енгізген кезде, 2025 жылы түлектердің педагог-кітапханашы мамандығын иеленіп келетіндігі жоспарланған», - деді Ғани Бейсенбаев Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның айтуынша, үш жылдың ішінде мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын көтеру аяқталады деп жоспарланған. Бүкіл заңнамалық актілер екі жыл ішінде жаңартылып, өзгерістер енгізіледі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар