Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстарында, сондай-ақ желдің күші 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аумақтарында тұман, бұршақ болжанады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде жел 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды облысында жел 23-28 м/с артады, түнде кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.