13 мау, 2022 сағат 14:10

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет Қазақстандағы 14-16 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер батыстан келе жатқан келесі антициклон республика аумағына ауыса бастайтынын айтады.

"Қазақстанның барлық өңірлеріне жаз келді. Батыстан келген антициклон еліміздің аумағына жазғы ауа-райын әкеліп күн жылынады. Кейбір аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстікте де күн жылынады", - делінген хабарламада.