15 мау, 2021 сағат 11:49

UNICEF Қырғызстанға коронавирусқа қарсы вакцинаны алып келуге көмектеседі


Қытайдың коронавирусқа қарсы 150 мың дана вакцинасы 20 маусымға дейін келуі мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев хабарлады. Ол вакцинаны жеткізуге UNICEF көмектесіп жатқанын білдірді, деп жазады Азаттық.

"Қытайдан грант түрінде келетін коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші партиясы 20 маусымға дейін жетуі тиіс. Бұл бағытта барлық келіссөздерді жүргіздік. UNICEF вакцинаны жеткізіп беруге көмектесетін болды".

Осыған дейін Қырғызстан Қытай берген вакцинаны алып келуге қаражат іздеген болатын.

Қытай "Sinopharm" вакцинасының 75 мың адамға жететін 150 мың данасын наурыз айында Қырғызстанға жәрдем ретінде жіберген.

29 наурызда өлкеде екпе салдыру басталған. Ресейден 20 мың адамға жететін "Спутник V" вакцинасының 40 мың данасы келген.

Жалпы емделгендердің саны 90 мыңнан асты.

Халықаралық COVAX бағдарламасының аясында "Astra Zeneca" вакцинасының 210 мың данасы келетіні хабарланған.