Мұз көшкіні жүріп, салдарынан су тасқыны болған Үндістанда құрбандар саны артып жатыр. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қазіргі уақытта 18 адамның мәйіті табылды, 200-ден аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайдыEuronews агенттігі.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Олар соғылып жатқан туннельге кіретін жерді тазалап, 12 адамды құтқарып алды.
Болжам бойынша, тағы бір туннельде 30 адам бар. Бірақ олар әзірге құтқарылған жоқ.
Мұзды көшкін Ганга сағасының бойындағы аңғарлардың бірінде жексенбі күні таңертең басталды.
Көшкін бөгетті шайып кетті. Соғылып жатқан екі су электр стансасы мен жұмысшылар кенті қирады.
Уақытында қолданылған шаралар бұдан да күрделі апаттың алдын алды.