Сәрсенбі күні Үндістанның шығысындағы Одиша және Батыс Бенгалия штаттарында «Яас» қуатты тропикалық циклонның соққысынан ағаштар құлап, үйлер қирап, салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты.
ANI агенттігінің бейсенбі күнгі мәліметіне қарағанда, Одиша мен Батыс Бенгалияда циклоннан төрт адам қаза тапқан.
Одишада төрт метрлік толқындар мен нөсер жауын салдарынан жағалау және ойпаттағы аудандарда орналасқан 130-ға жуық кентті су басқан. Штаттың бас министрі Навин Патнаик зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарын азық-түлікпен және ауызсумен қамтамасыз етіп, жағалаудағы аудандармен көлік қатынасы мен электр жабдықталуын қалпына келтіру шараларын қолдануды тапсырды.
Батыс Бенгалия билігі апат салдарынан штатта 10 млн-ға жуық адамның зардап шеккенін хабарлады. «Яас» салдарынан тұрғын үйлер қирап, жолдарды су басқан, циклон ауыл шаруашылығының түрлі секторларына айтарлықтай шығын келтірді.