19 шіл, 2022 сағат 01:01

Үндістанда коронавируспен ауырғандар қатары күрт азайды


Үндістан тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі ең ірі вакцинация бағдарламасы кезінде 2 миллиард доза вакцина алды. Бұл жетістікпен халықты Премьер-министр құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Үндістанда 18 ай бұрын коронавирусқа қарсы жалпыұлттық тегін вакцинация науқаны басталды. Қазіргі уақытта ересек тұрғындардың 98 %-ы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды, 90 %-ы толық егілді. Вакциналарды 12 мен 18 жас аралығындағы үндістердің 80 %-дан астамы алды. Вакцинацияланған балалардың саны Үндістанда 50 миллионнан асты.

«Еуропада жұқтырудың кезекті өсуі жалғасуда. Қазір ең жоғары көрсеткіштер Германияда, онда күніне 140 мыңнан астам жағдай тіркеледі, бұл - елдегі наурыз айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, өткен аптада аймақта аурушаңдық бойынша бірінші орын алған Францияда қазір аздап төмендеу байқалады - ковид 120 мың тұрғында тіркелген. Италияда көрсеткіштер шамамен бірдей деңгейде», - деп жазды комиссия.

Латын Америкасы елдерінде инфекцияның таралу қарқыны тұрақтанды. Мәселен, Мексикада өткен аптада, алдыңғы ұқсас кезеңдегідей, күніне 30 мыңға жуық жағдай тіркелді, бұл ақпан айының деңгейіне сәйкес келеді. 

Ең жоғары көрсеткіштер Бразилияда әлі де бар, онда ковид шамамен 70 мың адамнан анықталған. Инфекция жұқтырудың осы деңгейі үш аптаға созылуда.

«Бірқатар Азия елдерінің билігі ковидтің жаңа, жетінші толқыны туралы айтуда. Өткен аптамен салыстырғанда өсім екі есеге жуық болды.

Оңтүстік Кореяда күрт өсу байқалады, онда күн сайын инфекция жұқтырудың 40 мың жағдайы тіркелуде. Сонымен қатар, Үндістанда өсу тоқтап қалды - елде екі апта қатарынан 20 мыңға жуық тұрғын коронавиурс инфекциясын жұқтырды», - делінген хабарламада.