Үндістанда жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 003 832 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің жұма күнгі мәліметтеріне қарағанда, індетке шалдыққандар саны бір тәулікте рекордтық - 34 956 адамға жеткен.
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны соңғы тәулікте 687 адамға көбейіп, 25 602 адам болған. Ауруханаларда 342 473 науқас ем алып, 635 757 адам сауығып шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, елде ауруға шалдыққандар саны жағынан батыстағы Махараштра штаты (284 281 адам) көш бастаса, екінші орында Тамилнад (156 369 адам) және Дели (118 645 адам) тұр.