Сурет: NDTV
Бүгін, 2 шілдеде Үндістанның Уттар-Прадеш штатында діни шара кезінде кептеліс салдарынан 100-ден аса адам қаза тапты. Бұл туралы NDTV хабарлады.
Қайғылы оқиға жүздеген адам қатысқан сатсанг (сыйыну рәсімі) кезінде болған. Қоғамдық денсаулық сақтау орталығынан түсірілген видеода бірнеше мәйітті автобуспен алып бара жатқанын және туыстарының жылап жатқанын көруге болады.
Мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар. Түрлі жарақат алған 15 адам ауруханаға жеткізілген. Уттар-Прадеш штаты басшысы Йоги Адитьянатх қарамағындағыларға қайғылы жағдайды бақылауға алуды бұйырды. Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Денсаулық сақтау орталығының хабарлауынша, 50-60 адам қайтыс болған. Кейін окрук шенеуніктері тағы 27 адамның қайтыс болғанын растады.
Кешке бас инспектор Шалабх Матхур олардың саны 116-ға дейін өскенін айтты.
"Үндістан президенті Драупади Мурму қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты", – делінген хабарламада.
Марқұмдардың отбасына көмек көрсетіліп, шараны ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалады.