Индияда COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші дүйсенбі күні 103 558 адамға өсті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл – осы уақытқа дейінгі тәулік ішіндегі ең үлкен өсім. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 12,59 млн-ға жеткен,
Елде соңғы тәулікте 478 адам қайтыс болды, ал жалпы өлім көрсеткіші 165 101-ге жетті.