Үндістанның солтүстік-шығысында Бихар штатында нөсер жаңбыр толассыз жауған кезде жай түсіп, бір тәулікте 32 адам мерт болды. Бұл туралы сәрсенбі күні India Today журналы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бихар үкіметі әр қаза тапқан адамның туыстарына $5,7 мың көлемінде ақшалай өтемақы төлейді», - деп мәлімдеді жергілікті билік өкілдері. Аталып өтілгендей, табиғи апаттан көз жұмғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Апат болған аумақта іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.
Бұдан бұрын Бихар штатында су тасқынынан 102 адам және жай түсіп тағы 11 адам мерт болғаны хабарланды.
Маусымның соңында Оңтүстік Азияға соңғы он жылдағы ең күшті муссон келді. Толассыз жауған жаңбырдан көлік қозғалысы қиындап, ғимараттар қирады және қайғылы оқиғалар көп болды.