05 қыр, 2022 сағат 10:05

Үндістанда 50-ге жуық адам отырған аттракцион 15 метр биіктен құлады


Үндістанда ішінде адам отырған аттракцион 15 метр биіктен құлады. Оқиға салдарынан көп адам жарақат алған, 16-сы ауруханаға жеткізілген. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dainik Jagran басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Мохали қаласындағы (Пенджаб штабы) ойын-сауық саябағында болған. Еркін құлаған секілді әсер сыйлайтын аттракцион тоқтамаған, осылайша, адамдармен бірге жерге құлаған.

БАҚ мәліметінше, шамамен 50 адам жараланған. Олардың 16-сы ауыр жарақатпен ауруханаға шұғыл жеткізілген.