Umai ұлттық сыйлығының аясында дәстүрлі әншілер мен ұлттық аспап орындаушыларына арнайы жүлде тағайындалды.
Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық сыйлық аясында жекелеген өнер, шығармашылық адамдарымен қатар ұжымдық жұмыстар да талқыланып, мараптталады.
Мысалы, «Театр өнері» номинациясы бойынша «Опера өнері», «Актёрлік шеберлік» сияқтыарнайы номнациялар бар. Яғни, операдағы ерлер және әйелдер партиясы үшін, театр саласныда ерлер және әйелдер рөлдері үшін қойылған жүлдемізбар. Сондай-ақ осы саладағы «Спектакльдің үздік көркемдік безендірілуі»деген номинациямыз және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» деген сыйлық бар. Бұл енді ұжымға берілетін арнайы жүлделер», - деді Нұрғиса Дәуешов.
Ал «Музыкалық-орындаушылық өнер» номинациясы бойынша ұлттық өнер майталмандарын марапаттау көзделіп отыр.
«Үздік дәстүрлі орындаушы», ұлттық аспапта онайтын «Үздік дәстүрлі орындаушы және «Үздік музыкалық ансамбль» жобасы бар. Соңғысы классикалық және халықтық ансамльдерге беріледі.
Бұл жерде жүлде қорымыз әр номинация бойынша 2 млн теңгеден басталып, 6 млн теңгеге дейін белгіленген», - деді вице-министр.