Жұма күні кешке Ұлыбританияға келген «Арвен» дауылы салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Бір күн бұрын Біріккен Корольдіктің метеорологиялық қызметі күшті желдің салдарынан ел аумағында қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Дауылдың екпіні 44 м/с-ке жетті. Англияның солтүстігінде 112 мың адам электр желілерінің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды.
Сондай-ақ «Арвен» дауылы екпінді желден бөлек, Шотландия, солтүтік және орталық Англияға қар әкелген.
Сенбі күні таңертең жел басылып, билік мұз бен қардың салдарынан ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.