Ұлыбританияда ІІ Елизаветаның тақта отыруына 70 жыл толуына орай төрт күндік мереке басталды. Көпшілік Букингем сарайының алдына таң бозынан жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.
«Менің кемпингке арналған орындығым, шатырым, қолшатыр мен ұйықтауға арналған қабым да бар. Патшайым шыққан кезде ол жақсырақ көрінетін орын алу үшін ертерек келдім», - дейді Донна Уорнер.
Букингем сарайы алдына монарх отбасының жанкүйерлері елдің түпкір-түпкірінен жиналған.
«Мұндай оқиғадан қалуға болмайды. Міне, осымен алтыншы рет, әр мерейтой кезінде Лондонға келемін. Бүгін де бұл ғажайып сәтті – алтын күймедегі патшайымды міндетті түрде көруім керек», - дейді Ливерпульден келген Хиллэй Гринхал.
ІІ Елизаветаның жасы қазір 96-да. Оның тақта 70-жыл отыруының құрметіне түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылып жатыр.