31 шіл, 2020 сағат 07:42

Ұлыбританияда бір тәулікте 900-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Англия Еуропа елдерінің ішінде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВВС сілтеме жасап.

Ұлыбританияда бейсенбі күні коронавирустың расталған 846 оқиғасы тіркелді. Бұл бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Елде дерттен сол күні 38 адам көз жұмып, барлығы 45999 адамға жетті. 

Осы жағдайға байланысты британ билігі коронавирус белгілері бар адамдарды оқшаулау мерзімін 10 күнге дейін ұзартты. 

Еске салсақ, бұған дейін Еуропа елдері коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.