16 нау, 2021 сағат 18:34

Ұлыбритания патшайымының күйеуі ауруханадан шықты

II Елизавета патшайымның 99 жастағы жұбайы Филипп ханзада Лондондағы ауруханада төрт апта жатып шықты, деп хабарлайды ВВС.

Ол 16 ақпанда Лондон орталығындағы VII Эдуард ауруханасына жатқызылған болатын. Оның сырқаты жайлы толық ақпарат айтылмады. 

Кейінірек ол Лондонның басқа ауруханасында – Әулие Варфолемейде кардиологиялық процедурадан өтті, содан кейін ол VII Эдуард емханасына оралды. Жалпы алғанда, герцог ауруханада 28 күн емделді. 

Букингем сарайы патшайымның күйеуінің сырқаты коронавируспен байланысты емес екенін хабарлады. 

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның 99 жастағы жұбайы Эдинбург герцогы Филипп ханзада жағдайы нашарлап, Лондон ауруханасына жіберілген болатын.