Біздің көзімізге судың бетіндегі кішкентай ғана бөлігі көрініп, тұтастай келбеті мен көлемін теңіз тұңғиығына жасырып жатқан мұздық айзберг деп аталатыны мәлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің сыртқы келбеті теңіздегі айзбергке ұқсап, ақ шаңқан ғимарат алыстан көз тартады. Ұлттық музей мен мұздықтың сыртқы ұқсастығы теңіз бетінен бізге көрініп тұрған көрінісі ғана. Айзберг сияқты Ұлттық музейде көп дүниесін тереңіне жасырып жатыр.
Қарапайым көрермен музейді тек жәдігерлер жиналып тұратын орын деп ойлар. Бірақ, музей, оның ішіндегі Ұлттық музей тұтас ғылыми кешен десек артық айтқандығымыз емес. Көрерменге көрініп тұрған залдардың артында қаншама қызметкерлердің маңдай тері жатыр.
Археологиялық қазба жұмыстарында табылған немесе басқа да жолдармен музейге жеткізілген жәдігерлер бірден көрермен назарына ұсыныла салмайды. Олар ең бірінші реставраторлардың алдына қойылады.
Ұлттық музейдегі реставраторлар жәдігерлерге екінші өмір сыйлаушылар! Осы еңбек иелерінің бірнеше жұмыстарын ұсынып отырмыз!
Суреттер сөйлесін!
Кітап. Құран-Кәрім араб тілінде. Қазан қ. ХХ ғ. басы.
- Атауы: Кітап. Құран-Кәрім араб тілінде. Қазан қ. ХХ ғ. басы.
- Жасалу уақыты: ХХ ғ. басы, Қазан қ.
Қалпына келтіргенге дейін
Қалпына келтіру барысында
Қалпына келтіргеннен кейін
Кітап. Араб тілінде
- Атауы: Кітап. Араб тілінде
- Материалы, негізі: қағаз, картон.
- Орындалу техникасы: типографиялық баспа.
Қалпына келтіргенге дейін
Қалпына келтіру барысында
Қалпына келтіргеннен кейін
Аяққап.
Материалы: Киіз, жіп
Қалпына келтіру жұмыстары
Авторы: Т. Жайлаубаева
Қалпына келтіргенге дейін
Қалпына келтіру барысында
Қалпына келтіргеннен кейін
Терлік
Материалы: жүн, мақта-мата, кенеп, киіз.
Техникасы: қол жұмысы
Қалпына келтіру жұмыстары
Авторы: Құсман Г.
Қалпына келтіргенге дейін
Қалпына келтіру барысында
Қалпына келтіргеннен кейін
Абылай ханның шапаны.
Суретші рестовратор: Жайлаубай Т., Жайлаубай Н.
Қалпына келтірілгенге дейін
Қалпына келтірілгеннен кейін
Қазыбек бидің шапаны
Қалпына келтірілгенге дейін
Қалпына келтіру барысында
Қалпына келтірілгеннен кейін