#
#
Жексенбі 01/11/2020

Ұлттық кеңес: Ерлан Қарин заңға енгізілген маңызды ұсыныстың бірін атады

  • 23.09.2020
  • 0
  • 120

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсынысымен заңға енгізілген маңызды бастамалардың бірін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық кеңестің «қоржынында» жүзеге асырылған тағы бір маңызды бастамалардың бірі – бүгін Мәжіліс пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерінің базалық салықтық ставкасын арттыру бастамасын бекітті. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерген болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы Үкіметке жердің тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде пайдаланылмай жатқан жер үшін базалық салықтық ставканы 10-нан 20 есе арттыруды тапсырған еді», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін бұл шара салық салу мәселелері бойынша қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілген. Осының нәтижесінде бүгін, яғни 23 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда «Салық салу және инвестициялық климатты жақсарту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған.

«Осы заң жобасына сәйкес жердің тиімсіз пайдаланылуына қатысты шараларды күшейту мақсатында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлері үшін базалық салықтық ставка 10-нан 20 есе артатын болды. Сонымен бірге Президенттің бастамасымен осы жылдың көктемінде 4 өңірде (Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) жайылым жерлерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилотты жоба іске қосылды. Осының арқасында тиімді пайдаланылмай жатқан 7 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар