02 нау, 2023 сағат 17:28

Ұлттық банк Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты

Фото: kapital.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда инфляцияның айлық серпіні өткен жылдың наурызындағы күйзеліс мәнінен кейінгі ең жоғары деңгейден төмендеуіне қарамастан, алдыңғы 5 жылдағы орташа жылдық мәндерден асатын деңгейде қалып отыр.

"Инфляция біздің күткенімізге сәйкес дамып жатыр. Биыл ақпанда оның жылдық мәні 21,3 пайызды құрады. Ең көп үлесті азық-түлік бағасының өсуі жалғастырып жатыр, ол 26,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 20,2 пайызға дейін өсті. Импорттық тауарлар бағасының өсуінің жалғасуына және оларға сұраныстың қолдауына байланысты. Ақылы қызметтердің инфляциясы 15 пайызға жетті", - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Жеткізу тізбегін қайта құрылымдау, инфляцияның жоғары күтулері, фискалдық ынталандырудың жалғасуы және несиелендірудің ұлғаюы жағдайында инфляция жоғары деңгейде қалып отыр.