04 жел, 2024 сағат 00:25

Оңтүстік Корея: Парламент әскери жағдайды жоюды талап ететін қарарға дауыс берді

Фото: en.yna.co.kr

Оңтүстік Корея уақытымен түнгі сағат бір шамасында Парламент әскери жағдайды жоюды талап ететін қарарға дауыс берді. Бұл туралы ult.kz Оңтүстік Корея басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскерилер және полиция қоршаған Ұлттық Ассамблеяның бас қақпасының алдында наразылыққа жиналған азаматтар бұны естіп, қуаныштан айқайлап, қол шапалақтады. 

"Төтенше жағдайда жиналған әскерлер әлі күнге дейін Ұлттық Ассамблеяның ішінде қалып отыр, сонымен қатар Парламентке жақын жерде бірнеше әскери техника байқалды" деп жазады en.yna.co.kr.