Британияның Корнуолл түбегінде алдағы сенбіде басталатын «Үлкен жетілік» саммитіне соңғы дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Euronews.
Англияның осы көркем бұрышының тұрғындары келушілердің көп болатынына байланысты дайындалып жатыр, ал полиция қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Осындай қадамдардың бірі үйсіздерді эвакуациялау және оларды аймақтан тыс жерде орналастыру болды. Биліктің мұндай бұйрықтары мен құқық қорғау органдарының әрекеттері қайырымдылық ұйымдарының наразылығын тудырды.
«Жаңа кілт» қайырымдылық ұйымының менеджері Моник Коллинс кейбір үйсіз адамдар көліктерде, басқалары шатырларда қалғандығын, көбісі Корнуоллдан тыс жерде орналастырылғандығын айтты. «Бірақ бұл адамдардың барлығы біз тұрған Ньюкиде туып-өскен. Енді олар Плимут пен Окхэмптондағы қонақ үй бөлмелеріне орналастырылды, олар бұдан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл - кешірілмейтін әрекет»,- деді.
Сәрсенбіде АҚШ президенті Джо Байден саммитке қатысу үшін Еуропаға барады. Бейсенбіде ол Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонмен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Байденнің еуропалық сапары Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуімен аяқталады.