Архангельскіде тұрғындардың шағымынан кейін әзілкеш Максим Галкиннің 14 наурызда өтуі тиіс концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Поморье мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясына сілтеме жасап.
Әртістің Украинаға қатысты пікірі ұнамаған мыңдаған тұрғын, қойылымға алған билеттерін қайтару үшін драма театр кассасына келген.
"Елде қиын кезең орын алып жатыр. Ал бұл адам Ресейге қарсы, түбегейлі қарсы. Күлкілі емес. Тіпті сөз жоқ", - деді көрермендердің бірі.
"Ресей Федерациясының әртісі Ресейге қарсы сөйлеп тұр ма? Украинаны жақтап тұр ма? Украинаның сөзін сөйлесе неге Украинаның еңбек сіңірген әртісі болмады? Қиын уақытта біздің жігіттер біздің мүддемізді қорғап жатқанда, күлуге хақымыз жоқ", - деді тағы бір көрермен.