Украинада өткен тәулікте, 26 мамырда, COVID-19 жұқтырудың 3 509 жаңа жағдайы, 183 өлім тіркелді, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.
«2021 жылғы 27 мамырда Украинада COVID-19 жұқтырудың 3 509 жаңа жағдайы тіркелді. Оның арасында 193 бала, 82 медицина қызметкері бар» делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы хабарламада.
Өткен тәулікте 1 402 адам ауруханаға жатқызылған, 183 өлім жағдайы тіркелген. 16 867 адам сауығып шыққан.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцинация басталғалы 1 099 713 екпе салынған.
Пандемия басталғалы Украинада 2 193 367 адам коронавирусқа шалдыққан. 2 006 918 адам сауығып шыққан. Өлім жағдайларының саны – 50 067.