Украинада өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 6295 жағдайы, 73 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елдің Ұлттық ақпарат агенттігі «УКРИНФОРМ»-ға сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл туралы Facebook-те елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлімдеген.
«Украинада 2021 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19 коронавирус ауруын жұқтырудың 6 295 жаңа жағдайы тіркелген. Жекелей алғанда, 429 бала мен 223 медицина қызметкері ауруға шалдыққан», - деп жазды ол.
Министрдің мәліметінше, өткен тәулікте 2 225 адам ауруханаға жатқызылған, 73 науқас көз жұмған, 4 539 адам сауығып шыққан.
Пандемия басталғалы Украинада 1 299 967 адам коронавирусқа шалдыққан. Өлім жағдайларының саны – 25 045.