Украинаның Министрлер кабинеті елде 30 сәуірге дейін бейімделген карантин белгілеу, эпидемиялық қауіптің 4 деңгейін және оларды анықтау көрсеткіштерін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Украинаның денсаулық сақтау министрі Максим Степанов үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Укринформ.
«Біз ел аумағында карантин мерзімін 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғастыруды ұсынамыз. Біздің есептеуімізше, 30 сәуірге дейін карантинде өмір сүруіміз керек. Эпидемиялық қауіп деңгейлерін енгізе отырып, Украина аумағында бейімделген карантин орнатуды, 4 деңгейге бөлуді ұсынамыз: жасыл, сары, қызғылт сары және қызыл»,- деді Степанов.
Степановтың айтуынша, жасыл деңгей – карантиндік шектеулерді қайта қарау немесе алып тастау мәселелерін қарастыру үшін қажетті көрсеткіш.
Қазір бүкіл ел үшін бастапқы деңгей ретінде белгіленген сары деңгейде, елде 8-25 қаңтарда қатаң карантин жарияланғаннан кейін қайта оралған шектеулер бар. Қазір Степановтың айтуынша, бірқатар жеңілдік жасалған: бір адам үшін 4 шаршы метр аумақ немесе залдардың 50%-ға толуы қамтамасыз етілсе ғана бұқаралық, мәдени, спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. 20-дан астам адамнан тұратын топтарға білім беру мекемелеріне баруға рұқсат етіледі. Спорттық командалық ойындарды жанкүйерлермен өткізуге рұқсат етіледі, бірақ орындар санына шектеу қойылады.Қоғамдық тамақтану орындарына 24 сағатқа дейін (бұрын - 23-ке дейін) жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Степановтың айтуынша, қызғылт сары деңгейде қосымша карантиндік шектеулер жоқ.
Қызыл деңгейде қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі.
Қаулы бір күн мерзімде пысықталып қабылданды.
Степанов Министрлер Кабинеті таңдаған COVID-19-мен күресу стратегиясы украиндықтардың өмірін сақтауға көмектесті деп санайды.
Оның айтуынша, Украина қазір 1 миллион тұрғынға шаққанда COVID-19-дан болған өлім саны бойынша Еуропада 34-ші орында тұр.
17 ақпандағы жағдай бойынша Украинада коронавирус жұқтырудың 1 280 904 жағдайы расталған. Оның 4286-сы соңғы тәулікте анықталды.