Украина қорғаныс өнеркәсібінің ресми сайтында соғыс қимылдары кезінде әлемдегі ең ірі Ан-225 "Мрия" жүк ұшағы жойылғаны туралы хабарлама шықты. Бұл жағдай Киев іргесіндегі Гостомельдегі Антонов аэродромында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сайтта "Мрияға" Гостомель әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны, сондықтан оның Украинадан ұшып үлгермегені және соғыс қимылдары нәтижесінде жойылғаны айтылған.